Компания тарихы:

«ОЛЖА» АҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТЕМІР ЖОЛ ВАГОНДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ПАРКІНІҢ ИЕСІ – КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНА КІРЕДІ.

Компания темір жол вагондарына техникалық қызмет көрсету үшін дамыған инфрақұрылымға ие, сонымен бірге  меншікті және қарыз қаражаты есебінен вагон паркіне жыл сайын толықтыру саясатын жүргізеді.

Компанияның операциялық басқаруында 2000 бірліктен астам жылжымалы құрамнан тұратын темір жол паркі бар.

  • Сұйытылған көмірсутек газын (СКГ) тасымалдауға арналған вагон-цистерналар;
  • Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған вагон-цистерналар;
  • Балқытылған күкіртті тасымалдауға арналған вагон-цистерналар;
  • Жартылай вагондар;
  • Жабық вагондар;
  • Фитингті платформалар;
  • Маневрлік тепловоздар
БІЗДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАНДАР ШТАТЫ БАР, ОЛАРДЫҢ 85%-НАН АСТАМЫ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР.
«ОЛЖА» АҚ ҚҰРАМЫНДА:

Жылжымалы құрам басқармасы Қазақстан шегінде де, сондай-ақ одан тыс жылжымалы құрамның орналасуына, ағымдағы және күрделі жөндеу уақытына, жөндеу жұмыстарының нәтижелеріне және жылжымалы құрамның техникалық жай-күйіне, паркті мақсатты пайдалануға күнделікті мониторинг жүргізеді;

Газ Шаруашылығы Басқармасы сұйытылған мұнай газын сатып алу және өткізу, сұйытылған көмірсутек газын (СКГ) сақтау және ауыстырып тиеу қызметтерін көрсету және тж газ вагон-цистерналары паркін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

Технологиялық процестерді басқару «ОЛЖА» АҚ-ның және Тұтынушы меншігінің барлық ресурстар түрлерінің ұтымды пайдаланылуын және меншігінің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;

«Олжа» АҚ  Теңіз бөлімшесі (Құлсары қ.) – Вагондарды дайындау пунктінің (ВДП) жұмысын функционалдық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.